Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық сот шешім қабылдады. Сот алқасы бірінші инстанция тағайындаған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Іс Жетісу облыстық сотының апелляциялық алқасында қаралды. Жәбірленуші тарап айыпталушы Айбар Жанболаттың әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қайта саралауды талап етті. Ал қорғаушы тарап, керісінше, жазаны жеңілдетуді сұраған. Қорғаушы Жанат Сарқытовтың айтуынша, сотталушының әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне ауыстыру ұсынылған, өйткені өлім абайсызда болған деген уәж айтылған.
Алайда сот отырысына төрағалық еткен Айдын Жұрханов апелляциялық сатыда іс қосымша тергеуге қайтарылмайтынын және қарау тек тағылған айып шеңберінде жүргізілетінін атап өтті. Нәтижесінде сот алқасы іс материалдары Қылмыстық кодекстің 99-бабына толық сәйкес келеді деген қорытындыға келген.
Сот бұл бап бойынша 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескерді. Айыпталушының бұрын сотталмағаны назарға алынғанымен, оған берілген 14 жылдық жаза өзгеріссіз қалдырылды. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа моральдық өтемақы өндіру туралы шешім де сақталды.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған. Айзат Жұманованың өліміне байланысты оның күйеуі Айбар Жанболат күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынған. Марқұмның туыстары оның 2 жасар қызының көз алдында соққыға жығылып, кейін сыртқа шығарылып, атқа байланып сүйрелгенін айтқан.
Жаңалықтар
Айзат Жұманованың өлімі: Күйеуіне шығарылған үкім өзгеріссіз қалды
Фото: Видеодан скриншот
26.02.2026
288
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026