Сұхбат
Алмасбек САДЫРБАЕВ: Жұт жеті ағайынды, бұдан да қиын кезеңге дайындалу керек
26.06.2021
387
Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірге Қазақстанның қой өсірушілері ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың тірі ұсақ малдарды экспортқа шығаруға «толық тыйым салу» туралы ұсынысын қараған болатын.
Осы маңызды мәселе бойынша «Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Алмасбек Садырбаев мырзамен болды.
Өзіңіз ұсыныс тастағандай, қой экспортына тыйым салынуы мүмкін.
Ал кейбір фермерлер осы тыйым салуды қаржылық жағдайға кері әсерін тигізеді деп жар салуда.
-Жалпы бұл тыйымның қандай оң түйіні бар?
-Ол фермерлерді де түсінуге болады. Оңай кезең емес. Оның үстіне мына пандемия жағдайы да көңіл күйді басып, шаруаға жағаласып тұр. Қымбатшылық. Осы тұрғыдан алғанда далада жүрген шаруаның зары орынды.
Бірақ біз бір күндігімізді емес, мына өсіп келе жатқан ұрпақ қамын да тереңнен ойлауымыз керек.
Уақыт бұл қуаңшылықпен бітіп қалмайды. Алда не күтіп тұрғанын кім білген?
Сондықтан бұл мәселеде кең көлемде ойлап, бірігу керек.
-Әр жерде әр түрлі статистика келтірілуде. Бір тұста 15 млн, бір жерде 20 млн дейді. Қазақстанда нақты қой басы қанша?
-20 деп айтылып жүр. Ресми санды Ауылшаруашылық министрлігі айтқаны дұрыс шығар. Осы санды пайдаланамыз қажет жағдайда. Бірақ тіркелмеген мал да аз емес.
-Қойға мемлекеттік қандай қолдау бағдарламалары бар? Субсидия деңгейі, көлемі?
-Мемлекеттің арнайы компаниялар арқылы қолдау бағдарламалары бар.
Сыбаға, тағы да бірнеше, дәл қазір ұмытып тұрмын. Бірақ нәтиже көңіл көншітпейді.
Агросаясат ісінде қисық жазылып кеткен тараулар аз емес. Қарапайым шаруаларға мемлекет көмегі жете бермейді.
-Қуаңшылық еліміздің барлық өңірінде бой көрсетуі мүмкін бе?
-Иә, әбден ықтимал. Сонау Сарыағашта жылқының тезегін жеп жатқан ірі қараны көріп шошыдық.
Шығыс Қазақстанда да су мәселесі күн тәртібінде тұр. Жұт жеті ағайынды дейді. Бұдан да қиын кезеңдерге дайындалуымыз керек.
-Тоқтатудың қандай тәсілдері қарастырылып жатыр?
Тәсілдері өте қарапайым. Бірақ табиғаттың ісіне қалай қарсы тұрамыз?
Жалпы біздің шаруалардың білімін, мал бағу ісіндегі тәжірибесін шыңдауымыз керек.
-Маңғыстауға сапарыңыз қандай сапалы жоспарға толы?
Көмек һәм мақсат қандай?
-Маңғыстау сапарында малшылармен жолығып, Солтүстікке көшіп бару мәселесінде түсіндіру жұмыстары жүргіземін.
Екіншіден, танымдық семинар сабақтарымды ұйымдастырамын.
Шаруашылықтарды аралап, бағыт бағдар беремін. Алдағы айларда атқарылуы тиіс мәселелерді қараймыз,
Үкіметке әлі де болса жетпей жатқан жайттарды айтамын.
Айта кетейін, алдағы уақытта осы мәселелер Асқар Маминнің қатысуымен қаралады.
Әкімдерге талап күшейеді.
Сұхбатыңызға рақмет!
Інжу ӨМІРЗАҚ, "Адырна" ұлттық порталы
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026