Қоғам
«Жоғары білімім жоқ»: туристермен ағылшынша сөйлесіп көпшілікті тәнті еткен күзетші өзі жайлы айтып берді
07.10.2024
379
Желіде Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзетшісі гид қызметін атқарып, шетелдік туристермен ағылшын тілінде емін-еркін сөйлескені түсірілген видео тарады. Ол келушілерге киелі мекеннің тарихын шет тілде айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеодан шетелдік саяхатшылардың оның әңгімесін қызығушылықпен тыңдағанын байқауға болады. Күзетші тек туристерді ғана емес, желі қолданушыларын да тәнті етті.
"Контент жоғары лауазымды адамдардан әлдеқайда білімді", "Керемет. Қатты акценті де білінбейді. Әр қазағым білімді болсын", "Ғажап. Білім бар, таныс жоқ деген осы", "Мұны біздің такси жүргізушілері де жасай алады! Күзетші мен такси жүргізушісі – экономиканың локомотиві", – деп жазды олар.
Әп сәтте желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленген күзетшінің өзімен Stan.kz тілшісі сөйлесіп көрді.
Шер Талғатбекұлы кесенеде “Іскер” күзет агенттігінде қызмет істейді екен. Бұған дейін әртүрлі салада жұмыс істеген 55 жастағы Шер Ілияс “жоғары білімім жоқ, десе де ағылшын тілін өздігіммен үйреніп жүрмін” дейді.
“Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне үш ай бұрын жұмысқа тұрдым. Бұған дейін құрылыс саласында жұмыс істедім. Көлік жүргізушісі де болдым. Ағылшын тілін өзім үйреніп жүрмін. Оны ағылшын тілінде “self-education” деп айтады. Ағылшын тілінде кітап оқып, барлық ақпаратты ағылшын тілінде қабылдау және адамдармен тілдесу арқылы осы тілді меңгеріп жүрмін. Кесенеде ауысыммен жұмыс істеймін. Туристер әр кезде әрқалай келеді. Бір күні 10 турист келсе, екінші күні 20 шақты турист қабылдаймыз”, – дейді ол.
Шер Талғатбекұлы келген туристер менің ұстазым дейді. Себебі солармен сөйлесу арқылы ағылшын тілін үйреніп жүр екен.
“Қазір кез келген ақпаратты ағылшын тілінде іздеп, оқи аламыз. Өзімнің бір ұл, бір қызым осындағы жоғары оқу орнында оқыған. Олар ағылшын тілінде сөйлеп қалады, сол кезде жауап бере алмай қаламын. Сол үшін оларға жауап беру үшін осы тілді меңгеріп жүрмін. Содан бері білімнің ішіне сүңгіп кеттім”, – дейді ол.
Күзетші кесене басшылығы гид болуға ұсыныс жасаса қарсылығым жоқ дейді.
“Туристер неге мұнда ағылшын тілінде керек ақпарат жоқ” дейді. Олар сонау құрлықтан, өзге елден келеді. Жолаушы мүсәпір дейді ғой қазақта. Сондықтан оларға көмек қолын созуға дайын тұрамын”, – дейді ол.
Шер Талғатбекұлы, туристермен сөйлескенде ағылшын тілінде қандай сөздерді қолданатынын да айтып өтті.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026