“Ол 75 мың – қайыршылық. Одан сәл-пәл шығам десеңіз, 85 мың деген ол төменгі жалақы емес, нағыз өмір сүрудің төменгі деңгейі деп экономист ретінде жаңағыдай есептеулермен сізге келтіруіме әбден болады. Төменгі жалақы 150 мыңнан төмен болмауы керек. Міне осындай біздің есептеулеріміз”, – деді экономист Жангелді Шымшықов.Экономист дәл қазір Үкіметтің ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін көтеретін қауқары жоқ деп отыр. Себебі қаржылық мүмкіндігі жетпейді, қарызы көп. Әрі АҚШ-тың жаңа президенті қызметіне кіріскен соң ахуал одан әрі ушығуы да ықтимал.
Жаңалықтар
Келер жылы айыппұл мен жәрдемақы деңгейі қаншалықты өседі
21.12.2024
460
2025 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдермен қатар айыппұл мөлшері де ұлғаяды. Мәселен, көлік басқару кезінде телефон арқылы сөйлескен не белбеу тақпаған жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл сома келесі жылы шамамен 20 мың теңге тең. Ал,түнгі оннан кейін көше кезген балалардың ата-аналары 12 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндетті. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге деп белгіленіп отыр. Енді әлеуметтік төлемдер мен айыппұл көлемі өседі. Мәселен, зейнетақының ең төменгі мөлшері 62 771 теңгені құрамақ. Бала күтімі үшін үлестірілетін ай сайынғы жәрдемақы 21 265 теңгеден 22 648 теңгеге артады. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгеге ұлғаяды. Небәрі 2 821 теңге қосылып отыр. Бірақ ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде қалмақ.
Ал кешкі сағат оннан кейін елдің мазасын алып, тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыпақы 20 мың теңгеге жуықтайды. Яғни + 1200 теңге. Сондай-ақ қоғамдық орында түкірген немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап, құқық бұзған адам да осы 19 мың теңгені төлейді. Ал мұғалімді не дәрігерді балағаттаған кісі 39 000 теңге айыппұл арқалайды.
Сарапшылар тым болмаса тұтынушылық себет пен төменгі жалақы көлемін тұрғындарға сезілетіндей етіп көтеру керек еді дейді. Пікірлерінше, халықаралық қаржы қорының есебінде, күніне 5 доллар жұмсайтын кісі кедей деп көрсетілген. Демек дәл қазіргі қымбатшылық қысқан кезеңде тұтыну себеті кемі 75 мыңға жетуі шарт. Бұл тиыннан теңге құрап, күнелтіп жүрген көп елдің жағдайын аз да болса реттеуге ықпал етеді.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026