Жаңалықтар

Мәдинадан Алматыға шыққан ұшақ діттеген жеріне жете алмады

Мәдинадан Алматыға шыққан ұшақ діттеген жеріне жете алмады

Мәдинадан Алматыға бағыт алған әуе рейсінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, ұшақ экипажы Омандағы қосалқы әуежайға шұғыл қону туралы шешім қабылдады, деп жазады Ozgeris.info.

Оқиғаны Scat әуе компаниясының баспасөз қызметі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу барысында жолаушылардың бірі есінен танып қалған.

"Мәдина–Алматы бағытындағы рейс кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлады. Бортта оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыға әрі қарай медициналық көмек көрсету мақсатында ұшақ командирі Омандағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

Әуе кемесі қонғаннан кейін жолаушы жергілікті медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

Барлық жаңалық