"Ауруханадағы ой-толғам: "Сәулелі сәттерім, шуақты шатарым". Нұр Аға - менің мәңгілік сағыныш, мұңыма айналған алтын жүректі асылдардың ішіндегі айрықша асыл адам. Аяулы ағаммен 51 жыл сырлас болдым, 51 жыл мұңдас болдым, 51 жыл сапарлас болдым. Достығымыз бір туған бауырлыққа ұласқан бақытты ұрпақтармыз. Жарықтық менің кір жуып-кіндік кескен Алтын Емелімді мысыр шаһарынан артық көретін. Анамның ақ дастарханынан талай дәм татып, ауылыма барып аунап-қунап та қайтатынбыз. Тумаса да туған ағатайымдай қорған болды, мейіріне бөледі, қамқорлығын да аямады. Мені еркелетіп: "Нұрғаш" деуші еді. Бірер күн көрмей қалса: "Аңсатып, сағындырып қайда жүрсің, тез жет", - деп қоңырау соғатын. Аға сөзі екі рет қайталанбайды, тіпті талқыланбайды. Обалы нешік, ол кісінің бір сөзін екі еткен кезім болған емес. Жет , - деді ме, өліп-тірілсем де жетем. Филармонияда кездесеміз. "Отырар Сазының" репитициясы қызып жатады. Тұғырына қонған қырандай Нұр ағаң қырағы еді ғой. Есіктен енгенімнен "коронный әндерімен" оркестрді дүркіретіп ала жөнеледі. "Сарыжайлау" дейсіз бе, "Өз елім" дейсіз бе, "Алатау" дейсіз бе, қойшы әйтеуір менің даусыма арнап жазған әндерін бір-бір әуелетіп айтқызып, айызы қанған соң ғана құшағына ыстық ықыласпен қысатын. Сонда: "Қайда жүрсің адалым-ау, жалғызым-ау", - деп маңдайымнан өпкенде, екі көзінен аққан жас кеудесін жуып тұратын. Нұр аға да, мен де бір-бір қара шаңырақтың жалғыз, жарым қара сирақ балаларымыз ғой. "Адалым-ау, жалғызым-ау" деп аға егілгенде, іштей мен де езілетінмін. Жалғыздың жалқы көңілін асылы жалғыз ғана айтқызбай ұға алса керек-ті, ұғына алса керек-ті… Жасырып, жаба тоқып қайтейін, бұл күнде жүрегім жараланса,жаным жадап-жүдесе, Нұр ағам ойға оралады. Жанарыма ыстық жас үйіріледі… "Қалай болғанда да, Нұрғиса Тілендиевтің: "Адалым-ау, жалғызым-ау" деген екі ауыз сөзін мен ешбір атақ-даңққа айырбастай алмайтынымды анық білем. Сөз басында айтқанымдай, Нұр ағаңды алтынға балаймын. Мен мүмкін сол алтынның жәй ғана сынығымын. Нұр Ағам тау болғанда, бәлкім сол таудың бір етегімін. Ота алдында ардақты Ағама құрмет сезіммен есеп беруді інілік ізетім деп ілтипат таныттым", - деп жазды ол.
Шоу-бизнес
"Мәңгілік сағынышым, мұңыма айналған адамым": Нұрғали Нүсіпжанов келмеске кеткен сырласын есіне алды
22.01.2025
495
Жуырда 87-ге толған қазақтың марқасқа әншісі Нұрғали Нүсіпжанов әйгілі композитор, домбырашы Нұрғиса Тілендиев туралы ерекше естеліктерін бөлісті. Ол 51 жыл бойы бірге жүрген сазгерге деген сағынышын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Нұрғали Нүсіпжанов желідегі ресми парақшасында "Ауруханадағы ой-толғам" деген тақырыппен бірнеше жазбаны жариялаған. Олардың дені өнердегі ағасы Тілендиев туралы болған.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026