Жаңалықтар
«Мұндай сұмдық болған емес»: дәрігер күйеуі саусағын шапқан әйелдің жағдайы туралы айтты
30.04.2025
394
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылында күйеуі балтамен саусақтарын шауып тастаған әйел аудандық ауруханасдан санитарлық авияциямен облыс орталығындағы ауруханаға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бала би ауылындағы орта мектепте 21 жыл еңбек еткен биология пәнінің мұғалімі әйелін ауыр жаралады. Себеп – тұрмыстық жанжал. Көпбалалы әке не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. Әйелі жан сақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас есін біледі, сөйлейді.
Жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Берік Болатұлы әйел жантүршігерлік жағдайда келгенін айтады.
"Жарақаты өте көп. Өзі шокта, кейіннен не жағдай болды деп сұрағанымда науқас еш нәрсені есіне түсіре алмады, "не болғанын білмеймін"деді. Тұрмыстық жанжалдан жарақат алғандар кездесіп жатады, бірақ менің тәжірибемде мұндай сұмдық жағдай бірінші рет", - дейді Берік Болатов.
Әйелден сұрақ алуға тіпті полицияны да кіргізбей жатыр, дәрігер рұқсат бермеген. Себебі әйелді ешбір күйзеліске түсіруге болмайды, өміріне қауіп төнеді.
Ақ халаттылардың айтуынша, шынтағы мен 6 саусағын балтамен шапқан.
"Аурханаға алғаш түскенде жағдайы ауыр болды. Басы жараланып, миынан соққы алған. Шынтақ сүйегі мен екі қолының алты саусағын балтамен шауып тастаған. Құдай сақтағанда саусақтары түсіп қалмаған. Шынтағы мен саусақтарын орнына қойып, аман сақтап қалдық", - дейді Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.
Науқастың жағдайы қазір жақсарды, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін санитарлық авиациямен облыс орталығына ауыстырылады.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйелі еш жерде жұмыс істемеген, ал күйеуі сыйлы адам. Жаман әдеті жоқ, тіпті намаз оқиды. Оқыс оқиға Бала би ауылының тұрғындарының да жағасын ұстатқан.
Күдіктіге адам өлтірмек болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
"Ол қылмыстың ізі суымай ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр. "Адам өлтіруге оқталу" дерегі бойынша тергеу жалғасуда", - дейді облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық істі облыстық полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алған.
Еске сала кетейік Шиелі ауданында 20 жылдан астам тәжірибесі бар мұғалім әйелін балталап тастады. Оқиға 23 сәуірде болған, нақты себебі туралы әзірге ақпарат жоқ.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026