«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тау-кен металлургия кешенін дамытудың маңызды екенін баса айтты. Жекеменшік кәсіпорындарды геологиялық барлауға инвестиция салуға ынталандыру – басым міндеттер қатарында. Өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту үшін барлық күш-жігерді жұмсауымыз қажет. Біздің алдымызда жаңа технологияларды енгізу, жергілікті қамтуды арттыру және экспортты дамыту арқылы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр. Саланы одан әрі дамыту біздің өндірушілердің жаһандық трендтер ұсынып отырған технологиялық өзгерістерге тез бейімделе алуы мен мүмкіндікті барынша пайдалана алуына тікелей байланысты», — деген Олжас Бектенов бұл бағытта мемлекеттік органдар мен бизнес үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін баса айтты.Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде атап өтілетін Шахтер күні қарсаңында Премьер-Министр кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапттар табыс етті. «Құрмет» орденімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәулет Айқымбаев марапатталды. ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені тау-кен жұмысшысы Әлиасқар Аймановқа, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені учаске шеберлері Қанат Исабек пен Бауыржан Қопабаевқа, «Ерен еңбегі үшін» медалі – бұрғылаушының көмекшісі Данияр Аккикеловке, оператор Раушан Қалмырзинаға, үңгілеуші Бекмұхан Қалдаровқа, учаске бастығының орынбасары Ақбейсен Қайырбековке, бұрғылаушы Кентай Оразбековке, машинист Бейсен Әбілмажинге, жетекші механик Борис Поликарповқа және Жезқазған байыту фабрикаларының өндіріс директоры Арыстанбек Әбдіқайыровқа табысталды.
Жаңалықтар
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапаттар табыс етті
23.08.2024
426
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Премьер-Министр Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Шахтер күнімен құттықтады, оларға Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Премьер-Министр Олжас Бектенов «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевтің компанияның ағымдағы қызметі, инвестициялық бағдарламалары, даму жоспарлары, әлеуметтік жобалары мен ел ішіндегі құндылықты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады.
Биылғы 6 айда Корпорация Ұлытау облысындағы жеткізушілерден 92,7 млрд теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (ТЖҚ) сатып алды, өңірдегі өндірушілерден ТЖҚ сатып алу үлесі 35,5%-ды құрады. Жергілікті кәсіпорындармен 27,8 млрд теңгеге офтейк келісімшарттар жасалды. «Қазақмыс» ішкі құндылығының жалпы үлесі биыл 71,7%-ды құрады. Республикалық және жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бірнеше есеге өсті.
Облыс өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Премьер-Министр қарқынды төмендетпеуді тапсырды және одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аударды.
Фото: primeminister.kz
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026