Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 16 жастағы жасөспірім әйелдерден азап көрді. Осылай деп дабыл қаққан жасөспірімнің анасы жаға ұстатарлық жәйт туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жасөспірім Шелек ауылында нағашы атасы мен апасының қолында өскен. Басынан құс ұшырмай баққан нағашылардан жиен қыз мектеп бітірген соң анасына оралмақ болып жүреді. Алайда 16 тамызда төбеден жай түсірген оқиға болады.
"Қызыма әлеуметтік желіден бір ер адам жазады. Танымайды да, ешбір артық әңгіме айтылмаған. Іле-шала ватсап желісіне бір әйел жазып, қызыма қоқан-лоқы көрсетеді. Айтуынша, менің қызым оның жігітін тартып алыпты. Бірақ қызым ол ер адамды блоктап тастағанын айтып, дәлелін де көрсеткен", - дейді жасөспірім қыздың анасы Индира.
Бұл 15 тамызда болған оқиға. Ал 16 тамызда жігітін даулаған әйел жасөспірімнің үйіне келіп, бетпе-бет сөйлесуді ұсынған. Екі әйел алдап қызды көлікке мінгізіп алып, ауылдан жыраққа кетеді. Әйелдердің бірі 30, екіншісі 29 жаста.
"Қызымды ұрған, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолына темекі күйдіріп басқан. Сол екі әйелдің өздері барлық әрекеттерін бейнекамераға түсіріп отырған. Содан Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдың өзі емес шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыржалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, тастай суық өзенге отырғызып қояды. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырады", - дейді анасы.
Өзенге апара жатып, жол-жөнекей дүкенге соғып щетка алады. Ондағы ойлары адам шошырлық.
"Сол щеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныстық мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол бейнежазбаларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы да осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын. Дап-дардай екі әйел әртүрлі әрекет жасаған сайын рахаттанып, мәре-сәре болып жүр", - дейді жасөспірімнің анасы.
Бейнежазбадан қызының жанұшыра шырылдаған даусын естіген ананың жүрегі шыдамаған. Тіпті есеңгіреп, есін әрең жиған.
"Қызымды таяқпен зорлағанда қызым жанұшыра айқайлап жатыр. Қинаған әйел "үнін өшір, біреу естіп қояды" деп құрбысына бұйрық береді. Бюстгалтерін аузына тығып, тұншықтырып тастаған. Сөйтіп қайтадан өзенге батырады. Ойларына келгенді істеп, қызымның бетінен сүйіп "қандай әдемісің" деп аймалаған. Сөйтіп ауылдың шетіне әкеп тастайды, қызымның телефонын өздеріне алып алған. Егер біреуге айтатын болсаң мына бейнежазбаның бәрін әлеуметтік желіге саламыз" деп қорқытқан", - дейді жәбір көрген қыздың анасы.
Күдіктілер күйеуге тиемін деген жігітімнен айырдың деп, 3 млн теңге несиесін 16 жастағы қызға төлетпек те болған.
Жасөспірім нағашы апасының телефонынан анасына хабарласып, өзін ұрып кеткенін айтады. Шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын жасырып қалады. Тек анасынан "олар хабарласса, ешнәрсе білмегендей бола салшы" деп жылаумен болады.
"Анашым, өмір сүргім келмейді" деп жылай береді. Бір уақытта маған бір әйел хабарласып, "сіз мамасы боласыз ба? Қызыңызға ие болыңыз. Сіздің қызыңыз менің жігітіммен араласпасын, мен онымен сөйлестім" дейді. Мен ол кезде қызымның таяқ жегенін ғана естігенмін. "Сен тыңда мені, мен келемін, 30 жастағы екі әйел 16 жастағы қызыммен есеп айырғыларың келген екен, енді мен сөйлесемін сендермен" дедім. Олар қызымды барынша қорқытумен болады", - дейді анасы Индира.
Қызынан бүге-шігесіне дейін естіген ана таңғы сағат алтыда тұрып, Шелектегі Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне барып арыз жазады. Бірден емес, бірнеше кедергіден өтуіне тура келеді.
"Полиция бөліміне кірудің өзі өте мұң болды. Таңғы тоғыздан түнгі сағат үшке дейін жүрдік. Кезекші бөлім бізге ауруханаға барып, экспертиза тапсыр деді. Әркімге бір сілтеп біраз сағат жүрдік. Ол жерде қызымның құрбысының әкесі жұмыс істейді екен. Сол бізді көріп қалып, содан арыз жаздық", - дейді жәбірленуші тарап.
Отыздағы күдіктінің ата-анасы Индирадан келіп кешірім сұрап, кез келген көмекті жасайтындарын айтқан.
"Жаңағы қызымды қинаған басты күдікті әйелдің әке-шешесі келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың айтуынша, ол әйелдің күйеуге шығу туралы ойы болмаған. Әрине үлкен кісілер, жаным ашыды. Бірақ кешірім бермеймін. Ал екінші күдіктінің екі баласы бар әйел екен. Ол ана бола тұра осындай әрекетті дәті шыдап қалай жасады екен... Естуімше, жігітін қызғанған отыздағы әйел ауылдық әкімдікте қызмет етеді", - дейді жасөспірімнің анасы.
Әкімдік пен ауылдағы құзырлы органдарға ақпаратты жария етпеуге уәде берген Индираның алдынан бұл ақпарат әлеуметтік желіде тап болады. Айтуынша, бұл қылмысты полиция мамандары өздері жариялап жіберді. Психологтың өзі әрең есін жидырып жатқан жасөспірім тіпті соққы алатын болды деп уайымдайды анасы.
Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды.
"Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректері жария болды деген мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қоғам
«Осыншама айуандыққа барған»: Алматы облысында екі әйел жасөспірім қызды таяқпен зорлаған
Фото: istockphoto
05.09.2025
2835
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026