Алматының "Қайрат" клубы жаңа Чемпиондар лигасы маусымының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Черногорияның "Сутьеска" командасын 2:1 есебімен жеңді.
Бірінші таймда жанкүйерлер гол көрген жоқ. Екінші таймда алматылықтардың қысымы өз нәтижесін берді. Матчтың 76-минутында "Қайраттың" бразилиялық қорғаушысы Лукас Африко гол оқты.
90-минутта черногориялықтар шабуылшы Марко Мрвалевичтің арқасында есепті теңестірді.
Ал 93-минутта испаниялық шабуылшы Марк Гуаль гол соғып, "Қайратқа" 2:1 есебімен аса маңызды жеңіс сыйлады.
Осылайша, Қазақстан чемпионы қарымта матч алдында аз ғана басымдыққа ие болды.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
, "Сутьеска" мен "Қайрат" арасындағы қарымта кездесу 16 шілдеде Черногорияда өтеді.