Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты тұрақты өсіп келе жатқанын баса айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осыған байланысты Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
- Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде «Қазақстанда жасалған» брендімен шығарылатын тауарларды қолдау мен ілгерілетудің кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырылды;
- бір ай мерзімде халық арасында ең көп сұранысқа ие басым тауар санаттарын айқындау қажет. Әрбір санат бойынша ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға арналған нысаналы көрсеткіштерді белгілеу керек;
- Сауда желілерімен бірге отандық сауда маркаларын дамытып, қазақстандық өндірушілермен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту қажет.