“2024 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 448,2 мың адам болды. Мұны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көп", – делінген зерттеуде.Жұмыссыздардың 211,1 мыңы ер адам, 237,1 мың әйел. Олардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелді: 51,9 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 0,4%-ға көп. Ал екінші және үшінші орында Түркістан (40,9 мың адам) және Алматы (35,5 мың адам) облыстары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Finprom-ға сілтеме жасап. Жұмыссыздар саны аз өңірлер, Ұлытау (4,2 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,1 мың адам) және Абай (14,5 мың адам) облыстары. Жұмыссыздықтың себебі жұмыс таба алмау. 2024 жылы бұл 112,6 мың қазақстандықты қамтыды. Өткен жылмен салыстырғанда 37,9%-ға көп. Екінші орында өз өтініші бойынша жұмыстан босату (104,8 мың адам). Үшінші орында отбасы жағдайына байланысты жұмысқа (61,5 мың адам) шықпауы себеп. Жұмыссыздықтың басқа себептеріне ұйымның таратылуы немесе банкротқа ұшырауы, қызметкерлердің қысқаруы (50,3 мың адам), үй шаруашылығы (44,2 мың адам), денсаулығының бұзылуы (17,6 мың адам), еңбек шарты мерзімінің аяқталуы (17,3 мың адам), оқуды бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы (16,6 мың адам), жұмыстың маусымдық сипаты (10,3 мың адам) кіреді. Жұмыссыздар арасында бір айдан аз уақыт жұмыс іздегендер де болды. 2024 жылдың төртінші тоқсанының соңында 125,6 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 11,5%-ға көп. 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер біршама аз болды, яғни 124,4 мың адам. Тағы 109,4 мың адам 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп сенделген. 53,7 мың адам бір жылдан асса да, әлі де жұмыс іздеп жүр. Бұл 2023 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 7,3%-ға көп. Жұмыс немесе кәсіп ашуға келісімі бар жұмыссыздар саны бір жыл бұрынғы 1,2 мың адаммен салыстырғанда 120 адамға дейін қысқарған. Қазақстанда өткен жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болған. Ол ерлер арасында 4,2 пайыз, әйелдер арасында 5,1 пайыз. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі бірдей – 4,6%. Ал ауылдық жерлерде ол сәл жоғары, яғни 4,7%. Trading Economics рейтингі бойынша жұмыссыздық деңгейінде (4,6%) Қазақстан 182 елдің арасында 74 орынға ие болды. Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Беларусьте (0,1%), Катарда (0,1%), Камбоджада (0,2%), Нигерде (0,5%) және Бурундиде (0,9%) тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Африкада (32,1%), Анголада (30,8%) және Палестинада (30,7%) байқалды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тізімнің ортасында. Төмен жұмыссыздық деңгейі Қырғызстанда (1,9%), Ресейде (2,3%), Молдовада (3,6%) және Түркіменстанда (4,2%) тіркелді. Әзербайжан (5,6%), Өзбекстан (6,8%), Тәжікстан (6,9%) және Украина (10,5%) үшін көрсеткіштер жоғары.
Экономика
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі Африка елдерінен де жоғары
19.02.2025
452
Жұмыссыз қазақстандықтардың 12%-ы бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс таба алмай келеді.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026