Биыл көктемде Павлодар облысында орманнан табылған шетелдік көпбалалы отбасы Ресейге депортацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жақында Павлодардағы сот 36 жастағы Ресей азаматын, көпбалалы әкені елден шығару туралы шешім шығарды. Сот кеңсесінің мәліметінше, ол көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, үш тәулікке қамауға алынып, кейін Қазақстаннан депортацияланған. Сотта алты баланың әкесі өз кінәсін мойындап, бұрын да осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, бірақ материалдық жағдайының қиындығына байланысты сот тағайындаған айыппұлды төлей алмағанын айтты. "Сонымен қатар ер адам балаларының құжаттарын реттеп жатқанын және азаматтық некедегі әйелі мен балаларымен бірге жақын арада Ресей Федерациясына кетуді жоспарлап отырғанын айтты", - делінген сот құжатында. Сот қаулысында депортациялау мерзімі 2024 жылғы 22 қазанда аяқталады деп көрсетілген. Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның хабарлауынша, ресейлік пен оның балалары еліне жіберілген. Бірақ кәмелетке толмағандардың анасы Павлодарға қайтуға мәжбүр болды. "17 қазанда ата-анасы мен балалары Павлодардан Барнауылға кетті, бірақ құжат бойынша мәселе туындап, анасын Ресей Федерациясының шекарасынан өткізбеді. Қазір ол Павлодарда, оның төлқұжатының және визасының жарамдылығы өткен. Мәселені осында шешеміз. Шешкен бойда оны ұшақпен жібереді", - деп хабарлады Динара Зәкиева Tengrinews.kz тілшісіне. Бұған дейін әйел алты кәмелетке толмағанның бәрі өз балалары екенін сот арқылы дәлелдеген. Әйел ДНҚ-тест тапсырды. Мамандар сонымен бірге отағасы ер адамның да балалардың өз әкесі екенін анықтады. Осы жылғы мамыр айында сот көші-қон заңнамасын бұзған ер адамға 25 АЕК (64 610 теңгеге дейін азайтып) көлемінде айыппұл салды. Ресей азаматы Қазақстаннан 2016 жылғы қыркүйекте кетуі керек болған, бірақ Павлодарда шетелдік құрбысымен заңсыз тұрған. Ерлі-зайыптының алты баласы: екеуі жергілікті перзентханада, қалғаны үйде дүниеге келген. Ер адам әйелді өзі босандырып алған. Еске салайық, 2024 жылғы мамыр айында Павлодар облысы Кемеңгер кентінің маңындағы орманда ұйықтап жатқан шетелдіктер табылған болатын. Жергілікті тұрғындар балалардың жылаған дауысын естіген.Жаңалықтар
Қазақстанда орманнан табылған көпбалалы отбасы оқиғасы: әкесі мен балалары елден депортацияланды
23.10.2024
404
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026