Жаңалықтар
Танымал блогер бес жылға бас бостандығынан айырылды
04.03.2025
346
Ресейлік блогер Елена Блиновская бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ozgeris.info сайты ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол "тілектер марафоны" деп аталатын онлайн-курстарымен танымал болған. Бұл курстарда адамдарға өз тілектерін "дұрыс" тілеуді үйреткен, осылайша олардың орындалуына ықпал етуге болатыны айтылған. Блиновская 2023 жылдың сәуір айында Ресейден кетуге әрекеттенген кезде ұсталды.
Мәскеудің Савеловский соты блогерді салық төлеуден жалтару, ақшаны жылыстату және төлем қаражаттарын заңсыз айналымға енгізу бойынша айыпты деп таныды. Прокуратураның мәліметінше, Блиновская мемлекетке шамамен 1 миллиард рубль салық төлемеген.
Сот оны бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, тергеу барысында тәркіленген мүлкін (жылжымайтын мүлік, көліктер, қайық, банктік шоттардағы қаражат) мемлекет меншігіне өткізуді бұйырды. Сондай-ақ, оған 1 миллион рубль айыппұл салынды және төрт жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Бұдан бөлек, сот Блиновскаядан 587 миллион рубльді мемлекет пайдасына өндіріп алуды бұйырды. Бұл соманы айыптаушы тарап сот процесінде талап еткен болатын. Прокурор бастапқыда блогерге алты жыл жаза тағайындауды сұраған. Ал қорғаушылар қылмыстық істің мерзімі өтіп кеткенін алға тартып, оны жауапкершіліктен босатуды өтінген.
43 жастағы Блиновская тұтқындалғанына қарамастан, Instagram желісіндегі ең танымал ресейлік блогерлердің бірі болып қалып отыр. Оның парақшасы 2023 жылдың көктемінен бері жаңартылмаса да, оған әлі күнге дейін 5 миллионға жуық адам жазылған.
Блогер 2023 жылдың сәуір айында Ресейден Беларуське кетуге талпынған кезде ұсталды. Алғашында ол үй қамаққа алынған, бірақ оның шарттарын бұзғандықтан кейінірек тергеу изоляторына жіберілді.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Блиновская салықтан жалтару мақсатында бизнесті "бөлшектеу" схемасын қолданған. Оның "марафондарынан" түскен төлемдер өзіне қарасты бірнеше жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар арқылы жүргізілген.
Бастапқыда оның мемлекет алдындағы салықтық берешегі 918 миллион рубль деп бағаланған, бірақ блогер бұл соманың бір бөлігін өтеген.
Мәскеу Арбитраждық соты несие берушілердің талап-арызы негізінде Блиновскаяның мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Тәркіленген мүлік қатарында Мәскеу облысының Истра ауданындағы жер телімі мен үйі, Мәскеудегі ғимараттары, Қырымдағы жер учаскесі, сондай-ақ Bentley (23 млн рубль) және Lamborghini (25 млн рубль) көліктері бар.
Тергеу органдарының пікірінше, Блиновскаяға қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруда оның күйеуі Алексей көмектескен. 2024 жылдың көктемінде, іс сотқа жетпей тұрып, оның Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, Украинадағы соғысқа кеткені белгілі болды.
Соттағы куәгерлердің айтуынша, бизнесті "бөлшектеу" схемасын ұйымдастыруда басты рөлді блогердің күйеуі атқарған. Бұны Блиновскийдің өзі де сотта растаған.
Блиновская салық төлеуден жалтарғанын және заңсыз табыстарды заңдастырғанын толық мойындады. Тергеу және сот процесі барысында ол мемлекетке 320 миллион рубль көлемінде төлем жасаған.
Алайда, соңғы сөз сөйлеу құқығынан бас тартып, тек жазасын өтеуді балаларын есейгенше кейінге шегеруді сұраған.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026