«Аталмыш өзгерістерді енгізу арқылы біз елімізде спортты дамытуға жаңа серпін беруді көздеп отырмыз. Қаржыландыруды нақты бағытта және нәтижелі спорт түрлеріне шоғырландыру арқылы Қазақстанның әлемдік аренада озық жетістіктерге жетуін қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Заң жобасының қабылдануы еліміздің спорттық жүйесін оңтайландырып, жоғары жетістіктерге жету үшін дұрыс қаржылық стратегияны қалыптастыруға жол ашады.
Жаңалықтар
Тек 18 спорт түрінен нәтиже бар: Министрлік спортты дамыту бойынша жаңа заң жобасын әзірледі
13.11.2024
332
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Заң жобасын әзірлеу барысында бірнеше маңызды мәселелер мен нақты статистикалық деректер негізге алынды. Қазақстанда қазірдің өзінде 180-нен астам спорт түрі дамуда. Алайда жыл сайын тек 13 жазғы және 5 қысқы Олимпиадалық спорт түрінен ғана медаль жеңіп алынады. 2018 жылы еліміздің спортшылары 370 медаль жеңіп алса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 105 медальға дейін төмендеген. Бұл жағдай спортшыларды даярлау жүйесіндегі бастапқы кезеңдер мен жоғары жетістіктер спортына дейінгі аралықтағы жетіспеушіліктердің нәтижесі деп бағаланады.
Сондай-ақ, жыл сайын Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен мектеп-интернаттардың шығындары өсіп келеді, оның ішінде олимпиадалық емес спорт түрлеріне жұмсалатын қаражат көлемі үлкен үлесті құрайды. 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрлерін дамытуға 646 миллиард теңге бөлінген, бірақ оның 72 пайызы еліміз үшін басымдығы жоқ спорт түрлеріне жұмсалған. Жағдайды жақсарту үшін Туризм және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені зерттеді. Өзбекстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия және Норвегия елдерінің тәжірибесі заң жобасының негізіне алынды. Заң жобасы аясында жоғары жетістіктер спортына жататын спорт түрлерін нақты шектеу ұсынылады.
Жаңа жүйе бойынша, тек Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпия, Азия және Пара Азия ойындары бағдарламасына кіретін спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорт түрлері ретінде қабылданады. Олардың ішінде медаль алған спорт түрлері басым спорт түрлеріне қосылып, республикалық және жергілікті деңгейде бірінші кезекте қаржыландырылады. Бұл шаралар еліміздің спорт саласын тиімді басқаруға және шектеулі ресурстарды мақсатты түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026