Қоғам
«TikTok-қа шықпа» деп тыйым салды» - Нұрлан имам
29.10.2024
456
Нұрлан қажы Асанов әлеуметтік желі қолданушыларына «заманауи имам» ретінде белгілі. Дін қызметкері жастардың сұрағына жеңіл тілмен, шынайы жауап беруімен елге танылды. Тілшіміз имаммен сұқбаттасып, оның қоғамдағы кейбір мәселелерге қатысты көзқарасы және танымалдылыққа дейінгі өмірі туралы сұрап білді, деп жазады nur.kz.
— Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы бұзақылық туралы жиі айтылып жүр. Тәрбие ақсап кетті ме? Қателік неде деп ойлайсыз?
— Бізде ұрпақ тәрбиесінде белгілі бір жүйе қалыптаспады. Әр облыстың өз ерекшелігі, өзіне тән мінезі бар. Жеріне, топырағына сай ата-бабаларынан көргені, түйгені бөлек. Соған сай жүйе жоқ секілді көрінеді.
Бәрі «бүйту керек еді» дегеннің соңында жүр. Сондықтан өзгеріс тауып жатқан жағдай аз. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі – үлкен кешенді шаруа. Біріккен жұмыста ғана нәтиже шығады.
Әркім өз жұмысын жасау керек. Қазір жастар уақыт өткізетін спорттық алаңдар салынып жатыр. Бұл жақсы. Жастарға арналған алтын ереже жоқ.
Тек бірлік бар. Мен бірлікті діннен де жоғары қояр едім. Солай болуы керек. Себебі мұсылман мемлекеттерінің бәрінде дін бар. Бірақ бірлік аз. Қазақ қай заманда да бірліктің туын жоғары қойған, бірліктің астына шоғырланған.
Жастардың бойына осы бірлікті сіңіруіміз керек. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай атамыздың сөзі бекер емес. Бірлік бар жерде бауырмашылдық артып, қатыгездік кетеді.
— Сіз әлеуметтік желі арқылы елмен тығыз байланыс орнаттыңыз. Қоғамды не алаңдатады, халықты мазалайтын негізгі сұрақтар қандай?
— Сұрақ көп, әрқилы. Соның ішінде әлеуметтік мәселе көп айтылады. Әр адам қайталанбайтын тұлға. Біз бәріне бірдей жауап беріп үйреніп қалғанбыз. Ол болмайды екен.
Әр адамның, әр отбасының жағдайы әртүрлі екені сияқты проблема да сан алуан. Мінезі, қабылдауы бөлек. Біреуге «күйеуіңізге күле салыңыз» деймін.
Екінші адам оны түсінбей қалуы мүмкін, бұл сөзім өтпейді, ашуын келтіруі мүмкін. Себебі қиындығы бөлек. Көбіне көңіл жетпей жатқандай көрінеді. Жақын адамдардан көңілге бататын сөз естігенде ауыр тиеді.
— Ақтөбе облысында біраз уақыт имам болдыңыз, өңірдегі діни ахуалды естіп қана қоймай, көзбен көрдіңіз. Арада бірнеше жыл өтті. Қазіргі жағдайдан хабарыңыз бар ма?
— Жағдай жақсы. Бірқатар шара жасалған. Көрініп тұр. Бұрын осында істедім. Күрделі мәселелер болды. Жағдайды ашып айттық. Сол айтқаным үшін басыма да тиді.
Қазір біраз түзелген. Оны жастардан көріп отырмын. Қара киінгендер азайған. Десе де арқаны кеңге салуға болмайды. Тоқтамай жұмыс істеу керек.
Негізгісі — кейінгі ұрпақты бұл жолға елітпеу керек. Олардың артынан ілесіп кетпеу керек. «Бүкірді шұңқыр түзейді» дейді. Олар солай кетті.
Олардың санын көбейтпеу маңызды. Ақтөбеден кеткеннен кейін қиын кездер болды. Бір жылдан аса жұмыссыз жүрдім. Мал бақпасам да, сол хәлге түстім.
Трактор айдадым. Ақтөбеден кеткеннен кейін мені еш жерге жұмысқа алмай қойды. Шақырады, өтініш жазамын. Қызметке қоймайды. Өтпелі кезең болды.
«Кішкентай ауылға барасың ба» деген ұсыныс түсті. Алланың үйі болса бара беремін дедім. Марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлі да солай айтқан.
«Алланың үйі болса болды, атағы жер жаруы керек пе деп» Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылында мешітте имам болдым. Сол жақта қызмет жасадым.
Мешітке жамағатқа бір-ақ ақсақал келетін. Жұма намазында 10-15 адам болады. Сөйтіп 5-6 жылдың ішінде мешітке адам сыймай, кеңітуге мәжбүр болдық.
Кейін әлеуметтік желіге шықтым. Ол үшін де көп сынаққа ұшырадым. Өз әріптестерім де мазақтады. «Неге шығасың», «тоқтат», «TikTok-қа шықпа» деп тыйым да салды.
Дінді насихаттаудың жаңа жолы дегенімді түсінбеді. Ел қайда, жастар қайда біз де сонда болуымыз керек. Сол қайсарлығымның нәтижесі осы болды.
Қазір молдалардың бәрі әлеуметтік желіге кіріп кетті. Мен азайттым.
— Ал желіде қызу талқыланып жүрген мәһр туралы ұстанымыңызды естіп жүрміз. «Мәһр» сөзінің төркіні дәстүрімізде бар қалың мал деп айта аламыз ба?
— Мәһр – қызға сырға салу, мәһр – қалың мал, мәһр – әке күші, мәһр – ана сүті. Осының бәрі мәһр. Құда-жекжаттың өзара келісіп, қызға берілетін сыйлықтың бәрінің түбі – мәһр.
Бірақ ата-бабамыз оны арабшалап «мәһр» деп айтпаған, қолданбаған. Қазір көбі шариғаттың шартын, дәрет алуды жөндеп білмесе де, мәһрді бәрі жаттап алды.
Шектен шығу қажет емес. Қазақтың дәстүрімен орындалатын қалың мал, қызға таққан сырға толығымен мәһрді жабады.
Кейбіреулер «діндегі бар нәрсе» деп менімен салғыласып жүр. Мен дінде жоқ демедім. Ата-бабамыз көрсеткен оның сипаты бар.
Ажырасуды емес, бірінші бақытты өмір сүруді ойлау керек. Сол жанұяға сіңу, шаңырақтың анасы атануды ойлау керек.
— Еліктеу туралы да жиі айтып жүрсіз. Біреуге ұқсаймыз деп өзімізді жоғалтып алған жоқпыз ба?
— Біздің тәрбиеміздің ақсап жатуының өзу еліктеуден болуы мүмкін. Ата-анамыз, үлкендердің өзі еліктегіш. Бала соны көріп өседі.
Бар нәрсені қадірлемеу, қанағатсыздық бар. Бұл туралы Құранда жақсы айтылған. Адам баласы шын мәнінде қанағатсыз.
Адамның қанағаты кеткен кезде қадірсіз бола бастайды. Қанағаты жоқ адамның басына дүние тұрақтамайды. Кетпейтін дәулет кімге орнайды?
Қанағаты бар, бағалай білетін адамға! Бағаланбаса бақ қонбайды деген сөздің мәнісі осында жатыр.
Көрсеқызар боп, моданың артында жүргендер көп. Шкафында киім көп. Әлі киіп үлгермеген киімдер тұрады. Жаназада көріп жүрмін.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026