Жаңалықтар
Тоқаев Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
03.01.2025
381
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ana tili" газетіне берген сұхбатында Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Заң мен тәртіп" қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. "Заң мен тәртіп" – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. "Заң мен тәртіп" қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. "Заң мен тәртіпке" бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз", - деді президент.
Тоқаев сондықтан бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру міндет екенін және оны берік орнықтыру үшін көп уақыт пен күш-жігер қажет екенін түсінетінін айтты.
"Себебі бәрі бірдей бұл қағидатты қатаң ұстануға, оны өмір салтына айналдыруға әлі дайын емес. Бірақ талаптанған адам қалайда мұратына жетеді. Қайталап айтамын, елімізде "Заң мен тәртіп" қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс. Мен Талғар оқиғасына дейін жариялаған Жолдауымда құқық қорғау органдарынан қылмыс пен қарақшылықтың тамырына балта шабуды талап еттім. Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікті қылмыстық топтар жасағанын естен шығармаған жөн. Мемлекет ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізуге шамасы жететінін соңғы екі жылда анық көрсетті. Аса қауіпті қылмыстық топтар әшкереленіп, құрықталып жатыр. Олардың сыбайластары мен қаржы көздері де анықталып отыр. Былтыр 246 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 30 басшысы бар. Бұл жұмысты мен ерекше бақылауда ұстап отырмын", - деді мемлекет басшысы.
Ол Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдағанын ескертті.
"Күдіктілер қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады. Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді. Ал басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды. Осы оқиғаға қатысы бар азаматтар бойынша мына мәселені еске салғым келеді. Қазақ халқы шетелден келген отандастарын "қандасым" деп, құшақ жая қарсы алды. Тарихи Отанына оралғандар Қазақстанның заңдарына қатаң бағынып, қоғамдық тәртіпті сақтап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек. Олар бұрын өздері тұрған елде биліктің талабын сақтап, ондай әрекет жасаған жоқ қой?!", - деді Тоқаев.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026