Жаңалықтар

Түркі мемлекеттерінің саммиті: Қырғызстан Президенті Түркістанға келді

Түркі мемлекеттерінің саммиті: Қырғызстан Президенті Түркістанға келді

Қырғыз Республикасының Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) кезекті саммитіне қатысу үшін Қазақстанның тарихи шаһары – Түркістан қаласына келді. Халықаралық жиынға арнайы ат басын бұрған мәртебелі мейманды халықаралық әуежайдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қарсы алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл ұйым бауырлас түркі халықтарының саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын тереңдету мақсатында құрылған маңызды халықаралық құрылым болып табылады.

  • Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан.

  • Түрікменстан, Венгрия және Солтүстік Кипр.

Алдағы саммит барысында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары өзара ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын талқылап, бірқатар маңызды ортақ шешімдер қабылдайды деп күтілуде.

Барлық жаңалық