"Бірақ 300 миллиард теңге бола қояды деп ойламаймын. 100-150 миллиард теңге шамасына тұрақтауы мүмкін. Бірақ оның өзі әр тиынды санап отырған Қазақстан сияқты елге кәдімгідей тимек", - деді экономист Айбар Олжаев.
🏛️ Саясат
Зеленский факторы Қазақстанды 2025 жылы 300 млрд шығынға батыруы мүмкін - сарапшылар
24.02.2025
379
Зеленский факторы Қазақстанды қандай шешімге апарады? Қоғамды алаңдатып отырған саяси-экономикалық сауалға экономист сарапшы Айбар Олжаев жауап берді.
Украин дрондарының КТК құбырының инфрақұрылымына соққы беруі Қазақстанды 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 300 миллиард теңге шығынға батыруы мүмкін дейді, сарапшылар.
Жалпы ол мұнай айдау қуатының қанша пайызға төмендеп қалатынына байланысты. Егер графикті үдетіп, одан кейін ВПУ-лар жөндеуге тоқтамаса бұл шығынды қысқартуға болады. Бірақ бәрібір шығын болады, себебі мұнай айдайтын "Кропотинская" станциясын КТК өз қаржысына жөндейді.
Ал КТК консорциуымының 20,75 пайызы қазақ елінің қолында (ҚМГ – 19%, KPV – 1,75%) екенін ескерсек, шығын бізге дивидендтің қысқаруы немесе жоғалған кіріс арқылы келеді.
Шығынды фиксациялап, осымен тоқтау. Бұдан кейін ВСУ КТК құбырларына тиіспейді. Бейресми болса да Киев белгілі бір гарантиялар береді. КТК станцияны тез жөндеп, жұмысын үдете береді. Соғыс тоқтап, КТК-ға жарылыстар қаупі сейіледі. Бұл ең оңай және коммерциалық тиімді жол.
Бірақ стратегиялық жағынан қаншалықты дұрыс? Онсыз да жоқ кезде ақшаны үнемдеген дұрыс па, әлде ақша салып КТК құбырына деген тәуелділікті кемінде екі есеге азайтқан дұрыс па?
Қазақстан 2022 жылдан бері осы дилемма бойынша бас қатырып келеді. Тәуекел менеджментінде «барлық жұмыртқаны бір себетке салу» ұғымы бар. Яғни, бәрін бір жерге үйіп қою деген сөз. Себетті құлатып алсақ, бар жұмыртқамызды жарып аламыз.
2013 жылы еліміз экспортқа арналған мұнайдың тек 40 пайызын ғана КТК арқылы жіберетін. Соңғы 10 жылдың ішінде осы үлесті 80 пайыздан асырдық. Яғни, КТК арзанырақ болғандықтан, мұнайдан барынша көп табыс алу үшін қалған бағыттарды ұмытып КТК-ға жатып алдық. Соғыс болу мүмкіндігін, түрлі болашақ қауіптерді ескермедік.
Уақыт өткізіп алғандықтан, дәл қазір КТК құбырындай көлемде мұнай шығаруға мүмкіндік беретін басқа құбырлар жоқтың қасы. Мысалы елде өндірілетін мұнайдың 15 пайызын біз Атырау-Самара құбырымен жібереміз. Дружба құбырымен шамалы көлемдер өтеді. Бірақ олар да Ресей аумағы бойынша өтетін құбырлар ғой. Сонда біздің мұнайдың 95 пайызы Ресей арқылы жүреді.
Баку-Тбилиси-Жейханның тасымал құны өте қымбат және уақытты көп алатыны рас. Бірақ Ақтау портына Новороссийскідегідей ВПУ (сырты мұнай құю құрылғысы) орнату болашақ диверсификацияның негізгі қадамдарының бірі болуы тиіс. Біз танкерлер флотын күшейтіп бастадық. Мұнайды танкерлерге құюды арзандатып, КТК құбырына тәуелділікті кемінде 10 пайызға азайтуға тырысуға болады.
Бәрібір КТК негізгі күретамырымыз болып қала беретіні түсінікті. Әсіресе, соғыс тезірек бітіп, тараптар келісімге келсе Каспий құбыр консорциумының позициясы нығая түседі. Тек оған деген толық тәуелділік болмауы шарт.
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ондай деңгейден өтіп кеткенмін!": Иманбаева қызын ұзатқан Жорабаева туралы жазды08:00, 05 тамыз 2026
-
"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен00:28, 05 тамыз 2026
-
Қазақ көрерменіне қолайсыз уақыт: қазақша сеанстар неге әлі де шеттетіледі?23:23, 04 тамыз 2026
-
"Анасы жатқан бейіт өртеніп жатыр": Асаба Сабыржанның сөзінен кейін сұмдық болды22:59, 04 тамыз 2026
-
Президент Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты21:24, 04 тамыз 2026
-
Отандық өнімнің дәуірі басталды: Үкімет ауқымды өзгерістерге кірісті20:39, 04 тамыз 2026
-
“Жақында жеткіземін”: Сабыржан асаба жылқышы арылы кешірім сұрады09:32, 05 тамыз 2026
-
"Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз": Мұхамеджан Тазабек күтпеген жазба жариялады10:05, 05 тамыз 2026
-
Apple App Store-дан Дуровтың Telegram-ын уақытша өшіріп тастады: себебі неде09:35, 05 тамыз 2026
-
-
"Айтар сөзім аз емес": Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үн қатты14:06, 02 тамыз 2026
-
"Сүюдің не екенін білмейтін жас қыз": Иманбаева Жорабаеваның қызы туралы айтты09:38, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаеваның екінші күйеуі өгей қызы туралы жазба жариялады08:00, 31 шілде 2026
-
-
Ұлдананың күйеуі мен жаңа әйелі жайлы желіде сұмдық ақпар шықты17:40, 30 шілде 2026
-
-
Алтынай Жорабаева қазіргі күйеуінің неге тойға қатыспағанын айтты08:00, 30 шілде 2026
-
-
"Ақ некеден туған балаларды тастама!": Мөлдір желіде шулы жазба жариялады20:27, 30 шілде 2026
-
-
"Шікірейіп, бата да бермеді": Жүрсін Ерман Димашты суық қарсы алды (ВИДЕО)09:00, 14 шілде 2026
-
"Күн сайын үйде ұлы айқай": Гүлнұр Оразымбетова көрген қорлығын айтты09:00, 07 шілде 2026
-
"Әйгерімге ұқсайды екен": Нұрлан Әлімжан өз әйелін көрсетті (ВИДЕО)11:42, 10 шілде 2026
-
"Ажырастым, жалғызбасты ана атанды": Ерке Есмаханның жаңалығы желіні жарды13:38, 19 шілде 2026
-
"Екі байы да келген": Динара Сәтжанның ұлының құдалығы талқыға түсті (ВИДЕО)10:13, 11 шілде 2026
-
"Өлігін көметін жердің ақшасын төлеу керек": Айгүл Иманбаева сұмдық ақпар айтты15:16, 10 шілде 2026
-
“Жылап қаламын”: Жазира Байырбекова ұлы мен келіні бөлек кететінін айтты21:00, 22 шілде 2026
-
“Бұл дүниемен қоштасты”: Бадықованың экс күйеуі қара жамылды22:05, 09 шілде 2026
-
"Өз әкесі келмеді ме": Алтынай Жорабаева құдаларына есік көрсетті (ВИДЕО)17:18, 27 шілде 2026